«Иегова куәгерлері» халықаралық діни ұйымының Алматы қаласындағы бөлімшесі үш айға дейін өз жұмысын тоқтатты
Бұған ұйымның антитеррористік шараларды дұрыс ұйымдастырмауы себеп болған.
- Алматы қалалық сотының шешімімен «Иегова куәгерлері» ұйымының жұмысы уақытша тоқталды. Ұйым жабылған жоқ, тек діни уағыздары мен насихаттарын уақытша тоқтатты, - дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. - Бұл - жазалаудың жеңіл жолы.
Ұйымның антитеррористік шараларға дайын еместігін құқық қорғау ұйымдарының арнайы комиссиясы анықтаған.
- Комиссия ұйым орналасқан аумақта террористік шабуылдардан сақтау ережелері орнатылмаған. Ескерту жасалғанымен, ұйым оны орындамаған. Егер бірлестік аталмыш ескертпелерді орындайтын болса, ода өз қызметін одан әрі жалғастыра алады, - деп атап өтті Н.Ермекбаев.
Ал республиканың өзге аймақтарындағы аталмыш ұйымның филиалдары жұмысын жасап жатыр.