Қазақстанның салық саласында халыққа салық төлемдерін жүзеге асыруға көмектесетін бірқатар жаңа қызметтерді енгізу жоспарланып отыр
Жаңашылдықтар туралы Қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Салықтық берешегімізді қарай алсақ та, алдын ала төлеу үшін салықтық міндеттемелерді көре алмаймыз. Бізде мұндай мүмкіндігіміз болмады, биылғы жылы осы қызметті іске асырдық, - деді ол.
Пилоттық режімде бұл мүмкіндік Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындарына қолжетімді болады. Қызмет жылдың аяғына дейін азаматтардың қандай төлемдер мен қанша салық төлейтінін білуге мүмкіндік береді.