Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұшақтың апаттық есігін ашқан адамға қатысты іс сотқа жолданады

Қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған алматылық азамат мас болғаны анықталды

Новости Казахстана / Ұшақтың апаттық есігін ашқан адамға қатысты іс сотқа жолданады
Фото:
pexels.com

Оған бірден үш хаттама толтырылып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Оқиға 23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясының Шымкент – Алматы бағытындағы рейсінде орын алған. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді.

Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы мас тұрғыны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол “орташа дәрежелі” мас күйде болған.

Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады.

Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.

Следующая →