Қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда, - делінген ҚО Үкіметі ақпаратында.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтерге ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Медициналық мекемеде 2 ғимарат: 148 орындық стационар және 24 төсек-орындық клиниканың пациенттеріне арналған қонақ үй жоспарланған.
Бас ғимаратта заманауи медициналық жабдықтармен зертханалар, радиациялық диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері жабдықталады. Жаңа орталық науқастарға емдеудің және оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қайтарылған активтер есебінен өңірде тағы 8 жоба іске асырылуда, оның екеуі – денсаулық сақтау және алтауы – сумен жабдықтау саласында.