Өскемен
облачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +29°
$
506.21
-3.85
568.42
+2.10
¥
70.27
-0.57
6.3
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып келді

Новости Казахстана / Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Жеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақорда ақпаратына сүйеніп.

Сұрапыл соғыс жылдары қазақстандық сарбаздар майданның алдыңғы шебінде, ең қанқұйлы шайқастарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

1945 жылы 30 сәуірде қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Осынау даңқты ерлігі үшін Қошқарбаев сол кезде «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ал 1999 жылы 7 мамырда Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін өте қиын сынақ болды. Оның зардабы көптеген елге ауыр тиді, солардың ішінде Қазақстан да бар. Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следующая →